Қазақстан Ұлттық банкі өз қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерге грант береді

Астана. 18 мамыр. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстан Ұлттық банкі өз қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерге грант береді, деп мәлімдеді реттеуші.
«Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық Банк қызметінің басым бағыттары бойынша жүргізілетін зерттеулерге грант беру ережесін бекітті», - делінген сейсенбіде таратылған Ұлттық банк хабарында.
Ақпарға сәйкес, Ұлттық Банк 2021 жылы 25 қаңтарда жарияланған Зерттеу бағдарламасында көрсетілген басым бағыттар бойынша зерттеулерге грант беруді жоспарлап отыр. Жоба іске асқан жағдайда Қазақстандағы экономикалық зерттеулердің дамуына, экономикалық саясаттың сын-тегеуріндерін түсінуді жақсартуға және макроэкономикалық дискурс деңгейін көтеруге ықпал етеді.
Гранттар байқау негізінде беріледі. Зерттеу тақырыптарының тізімі, талаптары, таңдау шарттары, өтінімдер қабылдау мерзімі мен әдісі Ұлттық Банктің интернет-ресурсында жарияланады.
Грантқа академиялық, ғылыми және зерттеу ұйымдары, деректерді жинауға, сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдар өтініш бере алады.
Грант беру туралы шешімді грант ұсыну бойынша комиссия қабылдайды.

adimage