Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан Ұлттық банкінде ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылды, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық Банкте Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес құрылды.
«Комитет Ұлттық Банктің Басқармасымен және Директорлар кеңесімен қоса жұмыс атқарып жүрген қызметкерлерден тұратын үшінші орган болады. Ақша-кредит саясаты комитетінің құзыретіне базалық мөлшерлеме туралы шешімдер қабылдау, ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша пайыздық мөлшерлемені белгілеу және Ұлттық Банк Басқармасының айрықша құзыретіне кірмейтін ақша-кредит саясатының басқа мәселелері бойынша шешім қабылдау кіреді», - делінген хабарда.
Күтіліп отырғандай, орта мерзімді перспективада Комитет құрамына макроэкономика мен ақша-кредит саясатында мамандандырылған және мол тәжірибесі бар тәуелсіз мүшелер алынады.
«Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеттің құрылуы инфляцияға бағытталған елдердің үздік тәжірибелеріне сәйкес келеді және ақша-кредит саясаты шешімдерінің тиімділігі мен ашықтығын арттырады», - деді Ұлттық банкте.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34