Қазақстан Ұлттық банкінің төлем жүйелері арқылы бірінші жартыжылдықта Т443,4 трлн транзакция жүргізілді

Күні: 11:02, 31-07-2019.

Алматы. 31 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан Ұлттық банкінің төлем жүйелері арқылы бірінші жартыжылдықта Т443,4 трлн транзакция жүргізілді, деп хабарлады қаржылық реттеушінің баспасөз қызметінен.
«2019 жылғы бірінші жартыжылдықта Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі мен Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 443,4 трлн теңге сомаға 19,8 млн транзакция жүргізілді (2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда төлемдердің саны 1,9%-ға азайды, ал сомасы 10,2%-ға ұлғайды). Орташа алғанда бір күн ішінде аталған төлем жүйелері арқылы 3,7 трлн теңге сомаға 166,4 мың транзакция жүргізілді», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 17 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аудару жүйелері, төлем карточкаларының жүйелері жұмыс істейді.
«2019 жылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялардың көлемі 12,9 трлн теңге сомаға 668,3 млн транзакцияны құрады (2018 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда транзакциялардың саны 2 есе ұлғайды, сомасы 48,7%-ға өсті). Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялардың жалпы құрылымында қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдер үлесі саны бойынша 72,6%-ға дейін (2018 жылы – 61,8%), көлемі бойынша 40,3%-ға дейін (28,6%) ұлғайды», - деп хабарлады қаржылық реттеуші.
2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында төлем карточкаларының шығарылымын 22 банк пен «Қазпочта» АҚ жүзеге асырды, эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 26,4 млн бірлік 6 болды.
«2019 жылғы 1 шілдеде Қазақстанда төлем жасауға төлем карточкаларын қабылдайтын 88,1 мың сауда кәсіпорны жұмыс істеді, төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі 10,9 мың банкомат, 146,3 мың POS-терминал болды», - деді Ұлттық банктен.
Хабарда атап өтілгендей, 2019 жылғы бірінші жартыжылдықта халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 301,4 млрд теңге сомаға 1,3 млн аударымды құрады.
«2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ақша аударымдары көлемі 0,6%-ға төмендеді. Қазақстаннан тыс жерлерге жөнелтілген аударымдардың жалпы көлемінен транзакциялардың жалпы санының 92,9%-ы (1,2 млн транзакция) және жалпы сомасының 93,5%-ы (281,8 млрд теңге) жіберілді. Қазақстан бойынша ақша аударымы жүйелері арқылы ақша аударымдарының жалпы санынан 7,1% (0,1 млн транзакция) және жалпы сомасынан 6,5% (19,7 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы 173,0 млрд теңге сомаға 0,8 млн транзакция алынды», - деп хабарлады реттеуші.


Жаңалықтармен бөлісу: