Қазақстан Ұлттық қорының сыртқы аудиторын анықтаудың жоспарлы мерзімі аталды

Күні: 17:35, 01-04-2019.

Астана. 1 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан Ұлттық қорының сыртқы аудиторын анықтаудың жоспарлы мерзімі аталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Конкурстық комиссия заңнамамен белгіленген тәртіпте 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тәуелсіз аудитордың таңдауы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2019-2020 жылдарға арналған жыл сайынғы сыртқы аудитын өткізу үшін конкурс жарияласын және соның нәтижесі бойынша конкурс жеңімпазын анықтасын», - делінген дүйсенбідегі үкімет қаулысының жобасында.
Құжат 15 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.


Жаңалықтармен бөлісу: