Астана. 20 наурыз. ҚазТАГ — Қазақстан мүфтияты ЛГБТ қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бізге қазір елімізде тарап жатқан арсыздықты тоқтату керек. Батыстан келіп, біздің елімізде көрініс беріп жатқан арсыздыққа тосқауыл қоюымыз керек. Ата-баба дәстүрін сақтайтын азамат ретінде біз бұған қарсымыз. Өйткені, бұл арсыздық. Үлкен күнә. Бұның азабы өте үлкен», - деді Instagram желісіндегі ҚМДБ ресми парашасында діни басқарма бас мүфтиі Наурызбай Отпенов.
Оның айтуынша, бұл біздің ұлттық құндылығымызға, салт-дәстүрімізге, ата-баба жолына қайшы дүние.
Қазақстан мүфтияты ЛГБТ қатысты мәлімдеме жасады
