«Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Марокко Корольдігі Үкіметі арасындағы ұлттық/жалпыазаматтық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім жобасы мақұлданды»,- делінген құжатта.
Құжатқа сәйкес, екі ел азаматтары жарамды жалпыазаматтық паспорттар негізінде Қазақстан мен Морокко аумағына келу, кету, транзитпен өту, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады.
Екі ел азаматтары бұл жағдайда 180 күн ішінде барлығы 30 күннен аспайтын уақытқа визасыз жүре алады. Егер қандай да бір елде 30 күннен артық болатын жағдай туса, визаға құжаттар өткізуі керек.
Фото көзі: pixabay.com