Қазақстан мегаполистерінің халқы мен аумағы жылдан жылға өсіп барады – ҰЭМ

Астана. 22 желтоқсан. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстан мегаполистерінің халқы мен аумағы жылдан жылға өсіп барады, деп мәлімдеді ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.
«Ірі қалалардағы халық саны мен олардың маңындағы аумақтар жылдан жылға өсіп бара жатыр. Оны бақылау мүмкін емес. Мәселен, соңғы 10 жылда Астана қаласының халық саны 59%-ға, Алматы 37%-ға, Шымкент 67%-ға өскен», - деді бейсенбі күні сенаттың пленарлық отырысында «Агломерацияны дамыту туралы» заң жобасын таныстырған Қуантыров.
Оның айтуынша, сонымен қатар келесі қалалардың аумақтары да біршама үлкейген: Астана елорда болғалы үш есе үлкейген, Алматы соңғы 10 жылда – 2,5 есе, Шымкент – 3,5 есе.

adimage