Қазақстан мектептері балаларды 6 жастан оқуға қабылдауға дайын емес, деп санайды мәжілісмендер

Күні: 18:46, 10-11-2014.

Астана. 10 қараша. ҚазТАГ – Оксана Скибан. ҚР парламент мәжілісінің депутаттары қазақстандық мектептер балаларды 6 жастан оқуға қабылдауға дайын емес деп топшылайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Балаларды мектепке 6 жастан қабылдау туралы. Статагенттік мәліметінше, 2014 жылдың 1 қаңтарында 306 мың (баланың – ҚазТАГ) жасы 6-ға толған, 9 айда тағы 200 мың бала (қосылады – ҚазТАГ). Біздің мектептер дайын ба?» - деп жүгінді мәжіліс депутаты Розақұл Халмұрадов ҚР білім және ғылым вице-министрі Тақир Балықбаевқа дүйсенбі күні білім мәселелері жөніндегі заңжобаның түзетулерін қарастыру барысында.
Әріптесін депутат Надежда Петухова қолдады. Ол жақында болып өткен үкімет сағатында Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің сөз сөйлеп, онда балаларды мектепке оқуға 6 жастан қабылдауды енгізуге қарсы екенін білдіргенін еске салды.
«Үкімет сағатында біздің бас санитарлық дәрігеріміз сөз сөйледі, ол бұған үзілді-кесілді қарсы болып, мектепте оқу үшін алты жасар балалардың психофизикалық әзірсіздігі туралы мәліметтер келтірді. Оның үстіне бізде ойнау оындары, тамақтану орындару жабдықталған типтік мектептер жоқ. Бізде тіпті үш ауысымдық мектептер бар, ешқандай жағдай жоқ. 15-жылдарға қарай оқушылардың жартысы гастритке, екіншілері сколиозге ұшырайтындай жайт болып қалмай ма? Және де 18-жылдарға таман сосын оңалту іс-шараларын жүргізу қажет болады», - деп атап өтті ол.
Өз кезегінде Т. Балықбаев халықаралық тәжірибені мысалға келтірді.
«Жуық арада он екі жылдық білім беру болатынын естен шығармау керек. Италия, Испания, Жапония, Канада, Аустралияда мектепке 6 жастан қабылдайды. Және психологиялық, физиологиялық тұрғыдан да, (бұл жастағы – ҚазТАГ) сәбидің мектепке баруына барлық мүмкіндіктер бар. Біздің әзірлік туралы: бүгінде барлық оқитындарды (қабылдауға – ҚазТАГ) дайынбыз. Иә, апаттық, үш ауысымдық мектептерге қатысты жайттар бар, бірақ ол таралмаған тәжірибе», - деді вице-министр.
Ол мектептік білім беруде мектепке қабылдау мерзімін 6 жас деп айқындау көзделіп отырғанын еске салды.
«18 жасында ол (оқушы – ҚазТАГ) оқуын аяқтауы тиіс. Бүгінгі таңда мембағдарламада біз баланың 6 жастан бастап бірінші сыныпқа түскенін қарастырғанбыз. Осы мәселе бойынша қоғамда әртүрлі көзқарастар бар. Біз оқу жылының күнтізбелік жылдан ерекшеленетінін айтып түсіндіреміз. Және жаңа оқу жылының бірінші қыркүйегінде баланың жасы 6-ға толып тұруы біз үшін маңызды», - деп баса айтты ол.
Т. Балықбаев сөз соңында бұл мәселе бойынша мамандармен барлық қажетті деген кеңестемелер жүргізілгенін хабарлады.
«Бұл мәселені біз мамандармен талқыға салдық, бүгін біз балалар 6 жастан бастап дайын деген ортақ пікірмен шығып отырмыз. Және біздің стандарттар, білім беру мекемелеріміз жағдайларды ұсынуға тиіс», - деп түйіндеді вице-министр.


Жаңалықтармен бөлісу: