Қазақстан мектептеріндегі каникулдар кестесі өзгермейтін болады – БҒМ

Астана. 18 қараша. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Қазақстандық мектептердегі жазғы және қысқы мектеп каникулдарының іс басындағы мерзімдері сол күйі қала береді, деп хабарлады ҚР білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев.
«Каникул кестесін өзгертуге қатысты – педагогикалық және ата-аналық жұртшылық пікірін ескере келе, жазғы және қысқы мектеп каникулдарының қазіргі кездегі мерзімдерін сол күйі қалдыруды орынды деп санаймыз», - деді Е. Иманғалиев сейсенбі күні ҚР парламент мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бастапқы білім беру мәселелері жөніндегі отырысында.
Оның ақпарынша, қазіргі таңда Қазақстанда 7 мыңнан астам орта мектеп жұмыс істейді, оларда 2,5 млн аса оқушы білім алса, 290 мың 897 педагог қызмет атқарады.
Мұнымен қатар, вице-министрдің айтуынша, шәкірт орындарының тапшылығы 70982-ні құрайды.
«Шәкірт орындарының тапшылығы (проблемасын – ҚазТАГ) шешу үшін өткізілген мониторинг бойынша республикада 149 мектептің құрылысы қажет», - деп түйіндеді Е. Иманғалиев.

adimage