Қазақстан мемхолдингтермен электронды құжат айналымына көшеді

Күні: 13:27, 31-10-2014.

Астана. 31 қазан. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Мемлекет мемлекеттік холдингтермен электронды құжат айналымына көшеді, деп хабарлады ҚР инвестиция және даму жөніндегі вице-министр  Асқар Жұмағалиев.

«Біз «Самұрық» («Самұрық-Қазына» мемқоры) секілді квазимемлекеттік сала мекемелеріне және басқа да холдингтерге    барғымыз келді, олармен де электронды түрде  хат алмасуларды жүзеге асыруға болады,   Ол үшін бүгін заң жобасына тиісті өзгертулер енгізілген, олар мәжілісте жатыр және жақында сенатқа өтеді.   Сіздер мемлекеттік органдардың да, «Самұрық» пен басқа холдингтердің де бізбен жұмыс жасап, электронды түрде қол қоюларын қолдайды деп ойлаймын», - деді А. Жұмағалиев  жұма күні парламент сенатының депутаттарымен кездесуде.  


Жаңалықтармен бөлісу: