Қазақстан мен Астана ауасы ең лас елдер мен астаналар жиырмалығына кірді

Күні: 19:06, 12-03-2019.

Алматы. 12 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан мен Астана ауасы ең лас елдер мен астаналар жиырмалығына кірді, деп хабарлады AirViual.
Қазақстан ауасы ең ластанған 73 ел рейтингінде 20-орынды иеленді, сөйтіп Перуді артқа тастап, Косоводан артта қалған.
Рейтингке сәйкес, ауасы ең лас елдер қатарында Бангладеш, Пәкістан мен Үндістан тұр, олар рейтингтің алғашқы үш жолын бастап тұрса керек.
Өзбекстан 16-орында, Литва – 42, Украина – 49, Ресей – 58, Эстония – 70. Елдер тізімін ауасы барынша таза Аустралия, Финляндия, Исландия жауып тұр.
Сонымен қатар, ауасы ең лас астаналар рейтингінде Астана 62 орынның 19-орынына тұрақтаса, Киев – 45, Мәскеу – 53.
Рейтинг қоғамдық мониторинг көздерінен алынған 2018 жылғы ауа сапасы туралы мәліметтер негізінде құрылған, басты назар нақты уақыт режимінде жарияланған мәліметтерге бөлінген. Дерек көздері мониторингтің үкіметтік желісін, ауа сапасын бақылайтын жеке тұлғалар мен мекемелердің тексерілген мәліметтерін енгізген.
Есепке денсаулық үшін аса қауіпті PM2.5 бөлшектерінің ауадағы саны да алынған.


Жаңалықтармен бөлісу: