Қазақстан мен Беларусь 2018 жылы Приморьемен тауар айналымында ТМД елдері арасында көш бастап тұр

Күні: 12:03, 11-03-2019.

Алматы. 11 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан мен Беларусь 2018 жылы Приморьемен тауар айналымында ТМД елдері арасында көш бастап тұр, деп хабарлады Ресейдің Приморский өңірі әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«ТМД елдерімен сауда көлемі 3 млрд рубльге жетті, бұл ретте экспортқа шамамен 585 млн рубль тиесілі, импортқа – 2,5 млрд рубль. Тауар айналымының барынша көп көлемі Беларусь және Қазақстан Республикаларына тиесілі», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Приморский өңірінің сыртқы тауар айналымы 2017 жылмен салыстырғанда 12% артты және шамамен 490 млрд рубль құрады.
1 Ресей рублі = Т5,75 (11 наурыздағы Қазақстан Ұлттық банкінің бағамы бойынша).


Жаңалықтармен бөлісу: