Астана. 8 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан мен Беларусия екіжақты әскери ынтымақтастық мәселесін талқылады, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрінің баспасөз қызметінен.
«ҚР қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Беларусия Республикасының қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Андрей Равков Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесі мен ҰҚШҰ қауіпсіздігі кеңесі хатшылығы комитетінің біріккен отырыстары аясында кездесті», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастың ағымдағы және болашақтағы бағыттары талқыланды, соның нәтижесі бойынша тараптар 2019 жылға арналған қорғаныс ведомстволары арасындағы Әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.
Қазақстан мен Беларусия екіжақты әскери ынтымақтастық мәселесін талқылады
