Астана. 18 қазан. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельде Бельгия королі Филиппен кездесті, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметінен.
«Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Бельгияны әуелден өзара түсіністік пен құрметке негізделген достық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті», - делінген бейсенбіде Ақорда сайтында орналастырылған хабарда.
Ххабарда атап өтілгендей, кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Бельгияның саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Қазақстан мен Бельгияны әуелден құрметке негізделген достық қарым-қатынас байланыстырып тұр - Назарбаев
