Қазақстан мен Франция арасындағы екі жақты тауар айналымы $4,5 млрд жетті

Күні: 18:02, 30-07-2019.

Астана. 30 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан мен Франция арасындағы екі жақты тауар айналымы $4,5 млрд жетті, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Біз Францияны Еуропа Одағы шеңберіндегі негізгі әріптес ретінде қарастырамыз. ЕО – Қазақстанның басты сауда серіктесі. Екіжақты сауда көлемі 4,5 миллиард долларға жетті. Ал Франциядан ел экономикасына тартылған тікелей инвестициялар көлемі 15 миллиард доллардан асты», - деп келтіреді сейсенбіде Ақорда Тоқаевтың Францияның экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэрмен кездесудегі сөзін.
Мемлекет басшысы Қазақстанда жұмыс істеп жатқан француз компанияларының табысты қызметін атап өтіп, Франция министріне елімізде олардың тиімді жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалатынын айтты.
Б.Ле Мэр Қазақстан Президентіне жылы қарсы алғаны үшін алғысын білдіріп, Франция мен Қазақстанды көпжылдық өзара тиімді стратегиялық серіктестік байланыстыратынын атап өтті. Францияның Экономика және қаржы министрі екі ел арасындағы өзара жемісті іс-қимылдарды барынша арттыруға ниеттестік білдірді.
Соңында Мемлекет басшысы Франция көшбасшысы Эмманюэль Макронға сәлем жолдап, ізгі тілегін білдірді.
.


Жаңалықтармен бөлісу: