Қазақстан мен Ресей арасындағы теңге және рубльмен есептесу үлесі бір жылда 64,3% дейін өсті

Алматы. 16 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан мен Ресей арасындағы теңге және рубльмен есептесу үлесі бір жылда 64,3% дейін өсті, деп хабарлады ТАСС.
«Ұлттық валютамен есептесудің артқанын атап өтпеуге болмайды. Соңғы жылдары біз алға жылжыдық. Есептесу үлесі өсіп, соңғы жылда 64,3% құрады», - деді Ресейдің бірінші вице-премьері – РФ қаржы министрі Антон Силуанов.
Ол атап өткендей, екі елдің ынтымақтастығы аясында «Мир» төлем жүйесі бойынша есептесулер дамуда, сонымен қатар қаржылық ақпаратпен алмасу және тарату талқылануда.

adimage