Қазақстан мен Ресей полицейлері Өскеменде ортақ практикалық және теориялық оқу-жаттығу өткізді

Күні: 18:07, 20-09-2018.

Алматы. 20 қыркүйек. ҚазТАГ - Қазақстан мен Ресей полицейлері Өскеменде ортақ практикалық және теориялық оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметінен.  
«Өскеменде 15-20 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысы ІІД оқу-жаттығу орталығының базасында  ҚР ІІМ арнайы дайындық департаменті аумақтық ІІД арнайы дайындық басқармасы қызметкерлері үшін оқыту курсы ұйымдастырылды. Оған РФ әріптестері – «Мәскеу қ. бойынша Ресей ІІМ ММ қызметтік және жауынгерлік дайындық бойынша нұсқаушыларды кәсіби дайындау орталығы» қызметкерлерін шақырған», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.  
Хабарда айтылғандай, 6 күн ішінде полиция қызмектерлері қару-жарақ қолданылуы мүмкін, арнайы құралдар мен күш қолданылатын, шынайы жағдайға барынша жақындастырылған экстремальды шұғыл жағдайдағы амалдарға дайындауға бағытталған жаттығулардан өтті


Жаңалықтармен бөлісу: