Астана. 17 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан мен Ресей спутниктік байланысын бірлесіп құру мәселесін қарастыруда, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«15 қыркүйекте Мәскеуде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен «Байқоңыр» кешенін одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмастырылып, «Бәйтерек» бірлескен Қазақстан–Ресей жобасының іске асырылу барысы талқыланды», - деп хабарлады дүйсенбіде ҚР Үкіметінен.
Сондай-ақ, баспасөз қызметінде хабарлағандай, «Байқоңыр» кешені жөніндегі үкіметаралық комиссияның алдағы жұмыс тәртібі, сондай-ақ, Байқоңыр қ. дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Қазіргі таңда инвестициялар тарту мақсатында Байқоңыр қаласында арнайы экономикалық аймақ құру мәселелері пысықталып жатыр.
«Сонымен қатар, кездесу барысында ғарыштық байланыс спутниктерін бірлесіп құру саласындағы ынтымақтастық келешегі талқыланды»,- делінген хабарда.
Қазақстан мен Ресей спутниктік байланысты бірлесіп құру мәселесін қарастыруда
