Қазақстан мен Түркия 2016-2018 жылдарға арналған қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастық жоспарын құрды

Астана. 4 қыркүйек. ҚазТАГ – Астанада қорғаныс өнеркәсібі саласында ынтымақтастық мәселелері бойынша қазақстандық-түрік комиссиясының 8-ші отырысы өтті, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан мен Түркия қорғаныс министрліктерінің өкілдері автоматтандырылған басқару жүйелері, броньды техниканы, авиониканы, тікұшақтарды, қару-жарақ пен әскери техниканың отандық өндірісін бірлесіп жаңғырту саласында  ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады», - делінген жұма күні таратылған хабарда.
Хабарда атап көрсетілгендей, екі елдің сарапшылары 2016-2018 жылдарға арналған қорғаныс өнеркәсібі саласында ынтымақтастықтың жол картасы жобасын қарады. Оған жақын арада қол қойылады. Қазір елімізде әскери және қос мақсаттағы өнімді өндірумен айналысатын бірқатар кәсіпорындар іске қосылған. «Зенит» Орал зауыты», «С.М. Киров атындағы машина құрастыру зауыты», «Тыныс», «Қазақстан Aselsan инжиниринг» қазақстандық зауыттар экспортқа  әртүрлі корабльді жинақтаушыларды, торпедаларды, кемелік гидравликаны, авиациялық толымдаушыларды, заманауи жылу визиялық аспаптарды, көздеуге арналған линзаларды, түнгі көру аспаптарын ұсынады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қорғаныс өнеркәсібі кешені саласында халықаралық ынтымақтастықтың ауқымын кеңейтуде. Жақын арада Астанада қарулы күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды техникалық жабдықтау және Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту» ІV Халықаралық әскери-ғылыми конференциясы өтті. Мұнда Қазақстан, Ресей, Беларусь, Франция және Түркияның өкілдерімен әскери-техникалық кіріктіру және заманауи қару-жарақты, әскери және арнайы техниканы өзара жеткізу, қазақстандық қорғаныс өнеркәсібі кешені мен әскери ғылымды дамыту перспективаларының мүмкіндіктері талқыға салынды.

adimage