Қазақстан мен Тәжікстан президенттері екі жақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Астана. 28 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон телефон арқылы екі жақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Көшбасшылар екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылап, Астана мен Душанбе арасындағы жан-жақты ықпалдастықтың дәйекті дамып келе жатқанына көңілдері толатынын атап өтті», - делінген жұма күні Ақордада жарияланған хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, мемлекеттер басшылары алдағы Жаңа жыл мерекесімен бір-бірін құттықтады.
«Телефон арқылы сөйлесуге Тәжікстан жағы бастамашы болды», - делінген хабарда.

adimage