Қазақстан мен Қырғызстан қарулы күштер арнайы операциялар күштері бірлескен оқу-жаттығу өткізді

Астана. 4 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан мен Қырғызстан қарулы күштер (ҚК) арнайы операциялар күштері (АОК) бірлескен оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.  
«Қазақстан Республикасы арнайы операциялар күштері бөлімшелері мен Қырғыз Республикасы арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің әскери қызметшілері «Аңырақай» бірлескен тактикалық арнайы оқу-жаттығуына қатысты. Екі контингенттің алты күндік бірлескен жұмысының нәтижесінде оқу-жаттығудың мақсаттарына қол жеткізілді, құрама жасаққа қойылған тапсырмалар орындалды. Аталмыш оқу-жаттығуда басқарудың құрама органын құру апробацияланды және шешім қабылдау бойынша жұмыс алгоритмі әзірленді», - деп хабарлады сейсенбіде ҚР ҚМ хабарында.  
Оқу-жаттығуға барлығы екі мемлекеттің арнайы бөлімшелерінің 300-ден аса әскери қызметшісі қатысты, армиялық және әскери-көлік авиациясы тартылды.
«Оқу-жаттығу барысында Қазақстан мен Қырғызстан арнайы операциялар күштерінің бөлімшелері арнайы барлауды жүргізу, таулы учаскеде заңсыз қарулы құралымды қоршау және жою бойынша тапсырмаларды орындады, авиацияны бағыттай және артиллерияның атысын реттей отырып, қозғалмалы резервтерге шабуылдауды жүзеге асырды», - делінген хабарда.
Түнгі атыс тапсырмаларын орындау кезінде құрама жасақтың жеке құрамы қазақстандық өндірістің түнгі көру приборларын пайдаланды.
«Нақты өзара іс-қимылдың нәтижесінде арнайы операцияларды өткізу кезінде контингенттерді басқару және жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталды. «Аңырақай» тактикалық арнайы оқу-жаттығуының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің бөлімшелеріне қойылған тапсырмалар сәтті орындалды, бірлескен оқу-жаттығудың мақсаттарына қол жеткізілді. Мұндай оқу-жаттығулар жиі түрде өткізіледі деп жоспарлануда», - деді ҚР қорғаныс министрлігінен.

adimage