Қазақстан мен Қырғызстан көші-қон саласында ынтымақтастық туралы келісім жасауға дайындалуда

Күні: 11:53, 28-10-2019.

Астана. 28 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан мен Қырғызстан көші-қон саласында ынтымақтастық туралы келісім жасауға дайындалуда, деп хабарлады ҚазТАГ ХАА тілшісі.
Күтіліп отырғандай, екі ел үкіметі көші-қон саласында, тараптар аумағындағы Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарының құқығын қорғау, соның ішінде өз елдерінің заңнамалары мен халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ақпараттық өзара қарым-қатынас саласында ынтымақтастықты жүзеге асырады. Сонымен қатар, екі ел билігі «өздерінің ұлттық заңнамалары мен халықаралық келісімдер аясында» Қазақстан мен Қырғызстан аумағына еңбек ресурсын тарту саласында мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілері арасындағы ынтымақтастыққа ықпал етуге ниетті.
Келісім аясындағы ынтымақтастық келесі негізгі бағыттар бойынша жоспарлануда: 1) статистикалық, құқықтық және ғылыми-әдістемелік ақпаратпен алмасу; 2) тараптар мемлекеттері аумағындағы мемлекет азаматтары туралы ақпарат алмасу; 3) ынтымақтастық процесінде туындайтын мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету және тәжірибе алмасу; 4) тараптар мемлекеттері азаматтарының құқығын қорғау, соның ішінде тұруға берілген рұқсат мерзімі ішінде отбасы мүшелерінің тұру құқығы; 5) тараптар мемлекеттері аумағында болуға (тұруға) негіз болатын адамдардың құқықтық статусы мәселесін қарастыру.
Бұл ретте атап өтілгендей, қол қоюға дайындалған келісім «ынтымақтастықтың басқа өзара қолайлы бағыттарын әзірлеу мен дамытуға тараптарға кедергі келтірмейді».


Жаңалықтармен бөлісу: