Қазақстан мен Қырғызстан президенттері Астанадағы үкіметаралық кеңес қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойды (техқайталау)

Күні: 19:06, 07-11-2014.

Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан мен Қырғызстан басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев Астанадағы жоғары үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша бірқатарға құжаттарға қол қойды, деп ҚР президентінің баспасөз қызметі.
«Келіссөздердің қорытындысы бойынша екі елдің көшбасшылары Бірлескен мәлімдеме жасады. Сондай-ақ жоғары Мемлекетаралық Кеңес отырысының қорытындысы бойынша төмендегідей шешімдер қабылданды: Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының арасындағы ынтымақтастықтың іс-шаралар жоспары туралы; Еуразиялық интеграция жағдайындағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы; энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы», - делінген Ақорда сайтында жұма күні жарияланған хабарда.
«Біздің ынтымақтастығымыз айрықша сенім және туындайтын мәселелердің бәрін шешуге деген сындарлы қадаммен ерекшеленеді. Бүгінгі сапар – екі елдің арасындағы берік байланыстардың тағы бір айғағы», – деген Н. Назарбаевтың дәйексөздерін келтіреді баспасөз қызметі.
Қазақстан басшысының сондай-ақ Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылуына байланысты Қырғызстан Қазақстанның қолдауына сүйене алатынын да айтқаны хабарланады.
«Біздің ел қажетті техникалық, консультациялық және басқа да көмектер көрсетуге әзір», - деп атап өтілген сайтта.
Көрсетілгендей, А.Атамбаевтың Қазақстан Республикасына сапары мен Жоғары Мемлекетаралық Кеңестің төртінші отырысын өткізу достық және тату көршілік қатынастарды  нығайтуға, екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығын қарқынды дамытуға елеулі үлес қосты.


Жаңалықтармен бөлісу: