Қазақстан мен Қытай 2019 жылы біріккен антитеррористік оқулар өткізеді

Астана. 25 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан мен Қытай 2019 жылы біріккен антитеррористік оқулар өткізеді, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан мен Қытай «Түлкілерді аулау» («Охота на лис») біріккен антитеррористік оқу-жаттығуын өткізу мәселелерін талқылады. Екі елдің арнайы бөлімшелері қатысатын оқу-жаттығулар 2019 жылға жоспарланған», - деп хабарлады дүйсенбіде қорғаныс министрлігінен.
Ведомствода атап өткендей, Қазақстан мен Қытай арасындағы біріккен оқу-жаттығуларды жоспарлауға арналған конференция 24 желтоқсан күні Алматыда «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» оқу орталығының базасында өтті.
«Конференция барысында тараптар оқу-жаттығу кезеңдерінің мақсаттарын, міндеттері мен тәртіптерін талқылады», - деді министрлікте.

adimage