Қазақстан мен Қытай екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Күні: 13:34, 11-09-2018.

Астана. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – Астанада ҚР ҚК бас штабының бастығы – қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев  Қытайдың ұлт азаттық әскерінің Батыс әскери округінің бас қолбасшысы, генерал-полковник Чжао Цзунцимен кездесті, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Келіссөздер барысында тараптар екіжақты әскери ынтымақтстық мәселесін талдады, атап айтсақ, қазақстандық әскери қызметкерлердің Қытайдың әскери ЖОО-ларындағы дайындығы,  бірлескен оқу-жаттығулар өткізу, сондай-ақ өңірдегі қауіпсіздік саласындағы жағдай туралы пікір алмасты», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.  
Астанада шетелдік қонақтар үшін ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери-тарихи мұражайына саяхат ұйымдастырылды. Сонымен қатар, сапар аясында Қытайдың әскери делегациясы Алматы горнизонының әскери бөліміне барады.  


Жаңалықтармен бөлісу: