Қазақстан мен Қытай шекарасы арқылы 2018 жылдың 10 айында 11,5 млн тонна жүк өткізілді

Күні: 18:12, 14-11-2018.

Астана. 14 қараша. ҚазТАГ – 2018 жылдың 10 айында Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша контейнерлік тасымал көлемі 54%-ға өсті, деп хабарлады ҚР инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметінен.  
«Тек Қытай-Еуропа-Қытай бағытында 2018 жылдың 10 айында контейнерлік тасымал көлемі 235 мың бірлікке жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54%-ға жоғары. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекаралық өткелдер арқылы жалпы жүк ағынының ұлғайғаны айтылды. Биылғы жылдың өткен кезеңінде жүк тасымалының жалпы көлемі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36 -ға артып, 11,5 млн.тоннаны құрады», - деп хабарлады сәрсенбіде ҚР ИДМ-нен.
Бұл мәліметтер  Темір жол көлігі саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында 13-14 қараша күндері Астанада ҚР Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Роман Склярдың және Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік темір жол Әкімшілігі бастығының орынбасары, Қытай делегациясының басшысы Юй Чуньсяоның басшылығымен өткен темір жол көлігі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі еншілес кіші комитеттің кезекті 12-ші отырысында айтылды.  
«Кездесу барысында тараптар темір жол көлігі саласында өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады және тараптар екі ведомство мен темір жол компанияларының бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесінде екі ел территориясында транзиттік және жүк тасымалы үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті. (...)Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекаралық өткелдер арқылы жалпы жүк ағынының ұлғайғаны айтылды. Биылғы жылдың өткен кезеңінде жүк тасымалының жалпы көлемі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36 -ға артып, 11,5 млн.тоннаны құрады», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: