Қазақстан мен Қытай шекарасында магнитудасы 3,9 балдық жер сілкінісі тіркелді

Алматы. 13 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан мен Қытай шекарасында магнитудасы 3,9 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«13 ақпанда «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен Алматы уақыты 9 сағат 49 минутта жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматының шығысынан 301 шақырымында Қытай мен Қазақстан шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,5. Магнитудасы mpv 3,9», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, жер сілкінісінің орталығы Алматы облысы Райымбек ауданы Сүмбе ауылынан қашық емес жерде 15 км тереңдікте орналасқан.

adimage