Қазақстан мен Қытай шекарасында магнитудасы 4 балдық жер сілкінісі тіркелді

Алматы. 20 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстан мен Қытай шекарасында магнитудасы 4 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 2019 жылғы 19 тамызда Алматы уақытымен 19 сағат 14 минут 39 секундта (Гринвич уақытымен 19 тамыз 13 сағат 14 минут 39 секунд) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматының солтүстік-шығысынан 305 км жерде, Қазақстан мен Қытай шекарасында орын алды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,5. Магнитудасы MPV 4», - делінген хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, жел сілкінісің координаттары 44.95° с.б. 79.86° ш.е., тереңлігі 5 км
Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ (МSК-64 шкаласы бойынша).

adimage