Қазақстан мен Қытай ТХКБ дәлізі арқылы литий-ионды батареяларды тасымалдаудың сынақ рейсін іске қосады

Астана. 6 желтоқсан. ҚазТАГ – 5 желтоқсанда Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай көлік ведомстволары басшыларының келіссөздері барысында тараптар Транскаспий халықаралық көлік дәлізі (ТХКБ) арқылы Қытайдан литий-ионды батареяларды тасымалдау бойынша сынақ рейсін іске қосу туралы уағдаласты, деп хабарлады көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Келіссөздер барысында ТХКБ маршрутын бірлесіп дамыту, сондай-ақ жүктердің үздіксіз өтуін қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыс тобын құра отырып, осы дәлізді бірлесіп жүктеу туралы келісімге қол жеткізілді. Аталған келісім шеңберінде ағымдағы жылдың желтоқсанында ТХКБ дәлізі бойынша Қытайдан литий-ионды батареяларды тасымалдау бойынша сынақ рейсін іске қосу жоспарлануда», - делінген хабарда.

Ведомство ақпарынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол көлігі саласындағы тасымалдау көлемі ағымдағы жылдың 10 айында 13%-ға өсіп, 26,6 млн тоннаны құрады. Автомобиль көлігі саласында үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша тасымалдау көлемі 60%-ға өсіп, 1,9 млн тоннаны құрады.

Сондай-ақ, көлік ведомстволарының үйлесімді жұмысының арқасында министлер цифрландырудың нәтижесінде рұқсат бланкілерін халықаралық автомобиль тасымалдарына айырбастаудың электрондық форматына көшкенін атап өтті. Бұл бланкілерді тікелей жүк жөнелтушілерге цифрлық платформа арқылы бір сағат ішінде алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Қытайдан ТХКБ бойынша тасымал көлемі жиырмафуттық эквивалентте 27 мың контейнерден асып кетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25 есе көп.

adimage