Астана. 18 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан мен Өзбекстан ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты жандандырудың Жол картасын қабылдады, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«Үкімет басшысының қатысуымен екі елдің ауыл шаруашылығы министрлері ҚР мен ӨР арасында ауыл шаруашылығы саласында орташа мерзімді преспективаға ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі Жол картасына қол қойды. Құжат ауыл шаруашылығы ғылымы, өндіріс, сертификаттау, сауда, цифрландыру, ветеринария және мал шаруашылығы, өсімдіктер карантині салаларында 2019-2024 жылдары өзара іс-қимылды дамыту шараларын қамтиды», - делінген Қазақстанға Өзбекстанның ауыл шаруашылығы министрі Жамшид Ходжаев сапарының қорытындысы бойынша таратылған хабарда.
Премьер-министр Мамин агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін өзара жеткізуді арттыру, инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру және үшінші елдердің нарығына шығу үшін едәуір әлеуеттің бар екенін атап өтті.
«Биыл 9 айда ҚР және ӨР арасындағы ауыл шаруашылығы шикізаты өңделген өнімдері мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы $770 млн-ға жуықтады. Қазақстанның Өзбекстанға экспортының негізгі көлемі бидай мен меслинге, бидай немесе бидай-қара бидай ұнына, кұнбағыс дәніне, қантқа, ірі қара малға, бидай қалдығына тиесілі. Өзбекстан Қазақстанға негізінен шие мен қызыл шие, балғын жүзім, өрік, қызанақ, шабдалы, құрма, көкөніс экспорттайды», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 5 нысан бұзылды29 Наурыз 2024, 11:07
-
Билік елге шетелден білікті мамандарды тарту үшін қандай жұмыс атқаруда29 Наурыз 2024, 10:26
-
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен29 Наурыз 2024, 10:21
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде29 Наурыз 2024, 09:32