Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункті жұмысын тоқтатады

Алматы. 5 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункті жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, 2022 жылғы 6 қазан сағат 09:00-ден 2022 жылғы 7 қазан сағат 09:00-ге дейін «Қазығұрт» өткізу пункті (Қазақстан) және «С. Наджимов» (Өзбекстан) шектес өткізу пункті азаматтар мен автокөлік құралдарын өтуі үшін жабық болатынын хабарлайды», - делінген хабарламада.

Атап көрсетілгендей, аталған күндері «Узтрансгаз» АҚ екі мемлекеттің өткізу пункттері арасында өтетін газ құбырларында су сынау жұмыстарын жүргізеді.

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы басқа өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

adimage