Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығының болашағы қолайлы – Тоқаев

Астана. 15 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығының болашағы қолайлы, деп мәлім етті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
«ӨР президенті (Шавкат – ҚазТАГ) Мирзиеевпен жемісті келіссөздер жүргіздім. Қазіргі таңда үйлесімді дамыған елдеріміз арасындағы өзара қарым-қатынастың бағыттарын талқыладық. Елбасының (Қазақстан республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың – ҚазТАГ) ҚР мен ӨР арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы мен дамуындағы зор үлесін атап өтті. Ынтымақтастықтың болашағы қолайлы. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды», - деп жазды Тоқаев дүйсенбідегі Twitter парақшасында.
Еске салсақ, Өзбекстанда 2019 жыл Қазақстан Жылы деп жарияланған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 14 сәуірде мемлекеттік сапарымен Ташкентке келді. Сапары аясында Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеевпен.тар және кең форматтарда келіссөздер өткізеді, екіжақты бірқатар құжаттарға қол қойылады, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құрал өкілдері үшін мемлекет басшыларының брифингі ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының ресми ашылу салтанатына қатысады.
Бұл Тоқаевтың 20 наурызда президент болып тағайындалғаннан бергі екінші шетелдік сапары. Бірінші сапары 3-4 сәуірде Мәскеуге жасалған болатын.
.

adimage