Астана. 30 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстан Нұр-Сұлтандағы хоккейден әлем чемпионатын (ӘЧ) жеңіспен бастады, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтанда хоккейден бірінші дивизион, А тобындағы әлем чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды. Қазақстан командасы бірінші матчты Словенияға қарсы өткізді. Тартысты өткен матчта біздің хоккейшілер 3:2 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің үздік ойыншысы болып Никита Михайлис танылды. Қазақстан командасының келесі ойыны 1 мамыр күні Литваға қарсы өтеді. Матчтың басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 16.30»,- делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, Словения – Қазақстан 2:3 (0:3, 2:0,0:0). 0:1 – Михайлис (Диц, Сен-Пьер) – 03:54; 0:2 – Некряч -09:45; 0:3 – Михайлис (Бойд, Диц) – 15:09; 1:3 – Куралт -37:03; 2:3 – Родмэн -38:24 . Қақпашылар: Пинтарич -Карлссон.
Сонымен қатар, хабарланғандай, басқа матчтарда Оңтүстік Корея Венгрияны жеңді - 5:1, ал Беларусь Литва командасын жеңді – 4:3.
Еске салсақ, әлем чемпионаты -2019 (1 дивизион, А тобы) Нұр-Сұлтанда 29 сәуір-5 мамыр аралығында өтеді.
Қазақстан Нұр-Сұлтандағы хоккейден ӘЧ жеңіспен бастады
