Қазақстан Үндістан мен Пәкістанды барынша сабырлылық пен халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырады

Астана. 28 ақпан. ҚазТАГ - Қазақстан Үндістан мен Пәкістанды барынша сабырлылық пен халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіреді. (…)Қазақстан екі ел арасындағы ашық және конструктивті саяси-дипломатиялық диалог қазіргі дағдарыстан шығудың жалғыз тиімді және қолайлы жолы деп санайды. Қазақстан тараптарды, ең алдымен, ахуалдың одан әрі ушығуын алдын алу үшін аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің негізгі мүдделеріне негізделген барынша сабырлылық пен халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырады», - делінген ҚР СІМ-нің бейсенбіде жарияланған Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты жасалған мәлімдемесінде.
Бұған дейін хабарланғандай, Uzbekistan Airways әуекомпаниясы 27 ақпанда Ташкент-Амритсар бағыты бойынша ұшқан Boeing 767 борты Ташкентке кері қайтуға мәжбүр болды. Сол күні хабарланғандай, Дели-Алматы рейсі бойынша Air Astana жолаушылары Пәкістанның әуекеңістігінің жабық болуы салдарынан Үндістаннан ұшып шыға алмаған. Кейін Air Astana хабарлағандай, Дели – Алматы рейсіндегі ұшақ Пәкістан әуе кеңістігінің сыртымен ұшқан.
Еске салсақ, Пәкістан мен Үндістан Джамму мен Кашмир штатындағы әскери патрульге шабуылдаған күдіктілерді іздестіру кезінде жауынгерлермен үнді әскерлерінің атысуынан кейін әскери қақтығыс шегіне тап болған еді.

adimage