Қазақстан Неаполде жазғы Универсиада-2019 ашылу рәсіміне қатысты

Күні: 10:40, 04-07-2019.

Астана. 4 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан Неаполде жазғы Универсиада-2019 ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитеті (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«4 шілдеге қараған күні түнде Итальияның Неаполь қаласында Бүкіләлемдік жазғы Универсиаданың ресми түрде ашылу салтанаты өтті. (…) Қазақстан атынан Универсиада ойындарына 94 спортшы аттанды. Бүгін, 4 шілде күні, біздің құрама спортшылары жарысты бастайды. Медаль үшін жүзгіштер мен гимнасттар бақтарын сынайтын болады. Универсиадаға Қазақстанның ұлттық құрама мүшелері қатысады», - делінген бейсенбідегі хабарда.
ҰОК нақтылағандай, Универсиада -2019 салтанатты ашылу рәсімі Сан-Паоло стадионында өткен.
«Шоу-бағдарламада әлемдік және италиялық классика мен заманауи тенденциялар сабақтасқан. Ашылу салтанатында арена ұйымдастырушылардың ойы бойынша Неаполитан шығанағына айналған. Оның көкжиегінде Универсиада-2019 бойтұмары Пратенопа су перісі өз өнерін көрсетті. Оны тереңдік дайвингі бойынша рекорд иесі Мариафелиция Карратуро сомдады. (...) Салтанатты ашылу рәсіміне барлығы 900-ге жуық адам қатысты», - делінген хабарда.
Универсиада алауын жергілікті «Наполи» футбол клубының капитаны Лоренцо Инсинье жақты.
«Сондай-ақ, ашылу салтанатында Андреа Бочелли ән шырқап, жиын соңы отшашуға ұласты», - деп хабарлады ҚР ҰОК.
Жарыс 14 шілдеде аяқталады.


Жаңалықтармен бөлісу: