Қазақстан ОПЕК+ аясында мұнай өндірісін қысқартуға дайын - Бозымбаев

Күні: 18:44, 07-12-2018.

Астана. 7 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан ОПЕК+ мәмілесі аясында мұнай өндірісін қысқартуға дайын және қысқартылған көлем бойынша өзіне ерекшелік сұрауды жоспарлап отырған жоқ, деп мәлімдеді журналистерге елдің энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
"Біз әдеттегідей қолдайтын боламыз. Біз қысқартуға, төмендетуге дайынбыз», - деп келтіреді Қ.Бозымбаевтың сөзін ТАСС.
Бұл ретте министр кеннің нақты қысқартылатын көлемі туралы айтқан жоқ, ол қысқартылатын көлемнің келіссөздер қорытындысына байланысты екенін атап өтті.
Сонымен қатар, оның айуынша, Қазақстан жақын арада Қашаған кен орнында тәулігіне 370 мың баррель кен өндіруге қол жеткізеді.
Reuters агенттігіне белгілі болғандай, ОПЕК жақында өндіріс көлемін қысқарту туралы алдын-ала келіскен, бірақ картельге кірмейтін Ресейден өндірістің нақты қысқартылатын көлемі туралы шешім қабылдамастан бұрын уәде беруін күтіп отыр.
Венадағы кездесу алдында қатысушылар 2019 жылдың қаңтарынан бастап өндірісті 1,3 млн баррельге дейін қысқарту туралы сөз қозғады. Алайда 6 желтоқсанда Сауд Арабиясының мұнай министрі Халид аль-Фалих, Bloomberg агенттігінің ақпарынша, қысқарту барынша қарапайым болады – күніне шамамен 1 млн баррель деді.
Бұл мәлімдемеден кейін мұнай бағасы 5% төмендеді - барреліне 58,36 доллар дейін. Кейін бағалар сәл көтерілді.


Жаңалықтармен бөлісу: