Қазақстан қорғаныс министрлігі нысанының үстінен БПЛА заңсыз ұшулары жиілеп кеткен

Астана. 3 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан қорғаныс министрлігі нысанының үстінен ұшқышсыз ұшатын аппараттардың (БПЛА) заңсыз ұшулары жиілеп кеткен, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Соңғы уақытта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі нысандарының үстінен пилотсыз ұшатын аппараттардың ұшу жағдайлары көбейіп кетті. Олардың бәрі де уақытылы анықталып жатыр», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Тағы сондай кезекті жағдай Астанада 31 наурызда болған.
«Әскери полиция отрядының әскери қызметшілері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі нысанының үстінен БПЛА –ның (квадрокоптер) заңсыз ұшырылуының жолын кесті. Жедел әрекет тобы осыған қатысты екі азаматты ұстап, елорданың ІІД қызметкерлеріне ары қарай тексеру үшін тапсырды», - деп хабарлады қорғаныс министрлігінен.
Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі әскери нысандардың үстінен БПЛА-ның (квадрокоптер) ұшуы - Қазақстан Республикасының «ҚР әуе кеңістігін қолдану және авиация қызметі туралы» заңының 31 және 33 баптарына қайшы келетінін еске салады. Аталған нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
«ҚР ӘҚбК 563 бабының аталмыш нормасын бұзғаны үшін (Қазақстан Республкиасының әуе кеңсітігін қолдану тәртібін бұзу) жеке тұлғаларға 10 АЕК, лауазымды тұлғаларға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады», - деді ведомствода.
1 АЕК = Т2525.

adimage