Қазақстан Қорғаныс министрлігін Тасмағамбетов басқаратын болды

Күні: 11:47, 22-10-2014.

Астана. 22 қазан. ҚазТАГ - Иманғали Тасмағамбетов ҚР қорғаныс министрлігіне тағайындалды, деп хабарлады президент баспасөз қызметінен.
«Нұрсұлтан Назарбаев ҚР жаңа қорғаныс министрі И. Тасмағамбетовты таныстырды», - делінген Ақорданың Twitterдегі ресми шағын блогындағы хабарда.
И. Тасмағамбетов бұрындары ҚР президентінің бірінші көмекшісі; Атырау облысының әкімі; ҚР премьер-министрдің орынбасары; Қазақстан премьер-министрі; мемлекеттік хатшы; ҚР президенті әкімшілігінің жетекшісі; Алматы әкімі болды. 2008 жылдың сәуірінен бері Астана әкімі қызметінде.
Мұның алдында қорғаныс ведомствосын осы қызметке 2014 жылғы сәуірде тағайындалған Серік Ахметов басқарған.


Жаңалықтармен бөлісу: