Қазақстан Орталық Азиядағы ЕО негізгі серіктесі болып табылады - Туск

Күні: 19:07, 31-05-2019.

Астана. 31 мамыр. ҚазТАГ - Қазақстан Орталық Азиядағы ЕО негізгі серіктесі болып табылады, деп мәлімдеді Еуропалық одақ төрағасы Дональд Туск.
«Еуропалық одақ Орталық Азиямен серіктестікті тереңдету үшін өз стратегиясын айқындады. Қазақстан – өңірдегі Еуропалық одақтың негізгі серіктесі. Елдеріңіз Батыс пен Шығыстың, Ресей мен Оңтүстік Азияның арасындағы көпір болып саналады. Еуропалық одақ – Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктесі. Қазақстанмен серіктестікті және ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімді Еуропалық одақ елдері жуырда ратификациялайды. Біз оны жүзеге асыруды бастадық», - деп келтірген жұма күні Ақорда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Туск жүргізген келіссөз қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін өткізілген брифингтегі Тусктің сөзін.
Дональд Туск жылы қабылдағаны және Нұр-Сұлтанға ресми сапармен алғаш келуге мүмкіндік туғызғаны үшін Қазақстан Президентіне ризашылық білдірді.
Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келгені үшін Еуропалық кеңес төрағасына ризашылық білдіріп, сапардың Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнімен тұспа-тұс келгенінің символдық мәні барын айтты.
«Еуропалық кеңестің қабылдаған жаңа стратегиясы мен сіздің сапарыңыз Орталық Азия елдерінің саяси-экономикалық орнықты және қауіпсіз дамуы үшін еуропалық тараптың мүдделі екенінің дәлелі», - деді Қазақстан президенті.
Ол атап өткендей, Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Тусктің сапары Нұр-Сұлтан мен Брюссель арасындағы диалогқа тың серпін беретінін атап өтті.
«Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде Еуропалық одақпен «екінші буын» келісіміне қол қойған бірінші ел болды. Бұл біздің байланыстарымыздың берік екенін көрсетеді. Біз Еуропа елдерінің бәрімен стратегиялық, серіктестік қатынастарымызды нығайтуға белсенді атсалысамыз. Қазақстанның «Еуропаға жол» бағдарламасы мен Еуропалық одақтың Орталық Азияға арналған стратегиясы әртүрлі саладағы табысты іс-қимылдарымыздың үлгісі болып табылады. Осы жетістіктерді ескере отырып, Еуропалық одақпен ынтымақтастығымыздың келешегі жақсы болатынына сенімдіміз», - деп мәлімдеді Токаев.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд журналистерге келіссөз барысында жаһандық және өңірлік мәселелер жөнінде, сондай-ақ, энергетика, көлік және цифрлық коммуникация салалары бойынша екіжақты ынтымақтастықты тереңдету туралы кең көлемде жемісті пікір алмасқанын айтты.
Еске салсақ, 25 мамырда хабарланғандай, Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Туск Орталық Азия елдері – Тәжікстанды, Қазақстан мен Өзбекстанды 29 мамырдан бастап 2 маусымға дейін аралайды. Сондай-ақ, хабарланғандай, кестеге сәйкес, Эмомали Рахмонмен Туск 30 мамырда кездеседі, Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Нұрсұлтан Назарбаев және Шавкат Мирзиеевпен – 31 мамырда кездеседі.


Жаңалықтармен бөлісу: