Қазақстан Орталық Азияда жоғары оқу орындарының филиалдарын құруға дайын

Астана. 22 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан Орталық Азияда жоғары оқу орындарының филиалдарын құруға дайын, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ біз озық жоғары оқу орындарымыздың және үздік мектептеріміздің филиалдарын аймақ мемлекеттерінде ашуға әзірміз. Мәселен, жақында Бішкекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылды. Өзбекстанмен өзара тиімді негізде білім беру орталықтарын ашу мәселесі пысықталуда», - деді Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде бейсенбі күні.
Президент білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейту – өзекті мәселе екенін атап өтті.
«Жоғары білім берудің Орталық Азиядағы біртұтас кеңістігін құру жөніндегі былтыр қол қойылған декларация осыған негіз болады. Қазақстан бұл бастама аясында жоғары оқу орындары арасында студент алмасу ісін кеңейту жөніндегі әріптестерінің ұсыныстарын қолдап, Орталық Азия елдерінің жастарын оқыту үшін квота санын едәуір арттырды», - деді президент.

adimage