Астана. 1 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан Al Barkat пен Premium Gold Tea шәйларына салынған тыйымдарын алып тастады, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің баспасөз қызметінен.
«Al Barkat Classic Tea» («A.A. Mughal General Traders» (Пәкістан) өндірісі), «Premium Gold Tea» («АВА групс LLP» КРК (Пәкістан) өндірісі) шәйін зертханалық зерттеулерінің нәтижелері мен тиісті іс-шараларды өткізу туралы мәліметтердің негізінде «Шайды әкелуге және өткізуге тыйым салу бойынша уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 6-ПГВр қаулысының кейбір тармақтарының қолданылуын тоқтату туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 10-ПГВр қаулысымен жоғарыда көрсетілген өнімдерді әкелуге және сатуға тыйым салу жөніндегі уақытша санитариялық шараның күші жойылды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Пәкістан шайының қауіпсіздігін және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін мониторингілеу мақсатында келесі 3 ай бойы Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті күшейтілген зертханалық бақылау жүргізетін болады.
Комитет ақпарынша, бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанға Пәкістаннан әкелінетін шайлардан синтетикалық бояғыштар мен шамадан тыс көгеріп кету байқалған еді.
Қазақстан пәкістандық шәйдің әкелінуіне салған тыйымдарын алып тастады
