Астана. 30 маусым. ҚазТАГ - Оксана Скибан. ҚР парламенті палатасының депутаттары VI шақырылымының екінші сессиясының жабылуына арналған қорытынды біріккен отырыс өткізді.
Отырыс барысында атап өткендей, VI шақырылымның екінші сессиясында парламент палатасының 6 біріккен отырысы, мәжілістің 38 пленарлық отырысы және сенаттың 25 пленарлық отырысы өтті.
Осы кезең ішінде парламент қарауына 11 заң жобасы енгізілді. Оның 84-і қабылданып, оның ішінде 15 заң жобасына депутаттар бастамашы болған, парламент қабылдаған 66 заңға бүгін ҚР президенті қол қойып, заңды күшіне енді.
Парламент елдің ішкі саясатын, халықаралық байланыстардың дамуын, елдер арасындағы қарым-қатынасты реттеуге және басқа да салалар бойынша көптеген халықаралық келісімдерді мақұлдады, ал үкімет сағаттарында, дөңгелек үстелдерде, парламентте өткен көшпелі отырыстарда денсаулық сақтау саласындағы, ауыл шаруашылық, әлеуметтік-экономикалық мәселелер, білім, мәдениет және жастар мәселесі талқыланды.
Осы біріккен отырыста Қазақстан парламенті екінші сессияны аяқтады. Екі палатаның депутаттары 2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін парламенттік демалыста болады.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда медициналық колледждерге түсу үшін қабылдау емтихандары енгізілді
9 Шiлде 2025, 12:10 -
Солтүстік Қазақстанда ақпараттық саясатты жүргізуге Т4,2 млрд-қа жуық бөлмек
9 Шiлде 2025, 11:30 -
Шымкенттегі театрдан Т136 млн бюджет қаражаты жымқырылды
9 Шiлде 2025, 10:23 -
Қазақстанда тексеру нәтижесінде 1256 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды- ІІМ
9 Шiлде 2025, 10:14 -
Қазақстандық спортшы Сауд Арабиясында қамауға алынды
9 Шiлде 2025, 10:03