Қазақстан парламенті сенатының сайлауы 24 маусымда өтеді

Астана. 26 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан парламенті сенатына сайлау 24 маусымда өтеді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Орталық сайлау комиссиясы Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды 2019 жылғы 24 маусымға тағайындау туралы қаулы қабылдады, сондай-ақ Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды даярлау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді», - делінген жұмадағы Орталық сайлау комиссиясының хабарында
Ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні – 27 сәуірде басталып, ағымдағы жылғы 24 мамырда аяқталады.
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты сайланбалы лауазымын атқарған Дархан Аманкелдіұлы Сатыбалды Өзбестан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елші болып тағайындалды. Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 19 наурызда Д. Сатыбалдының Сенат депутаты ретіндегі өкілеттілігін тоқтату туралы қаулы қабылдады. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес депутаттың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату шығып қалған депутаттың орнына сайлау тағайындау үшін негіз болып табылады», - деп түсіндірді ОСК.

adimage