Қазақстан парламенті сессия жұмысын неге 5 шілдеге дейін ұзартты

Астана. 28 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан парламенті сессия жұмысын неге 5 шілдеге дейін ұзартты, бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сабақтастық негізінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік стратегиясын жалғастырып, халықтың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған іргелі шараларды қабылдауда. Президент әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы Жарлыққа қол қойды», — деді депутаттарға VI шақырылымдағы төртінші сессияның жұмысын ұзарту туралы ұсыныс білдірген ҚР gремьер-министрі Асқар Мамин жұма күні парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында.
Ол осы қабылданған шешімнің арқасында әлеуметтік тұрмысы төмен азаматтарға көмек көрсетілетінін жеткізді.
Сонымен қатар, ол еске салғандай, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет халықтың ең өзекті әлеуметтік мәселелерін шұғыл түрде шешуге арналған және халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында жедел шаралар топтамасын әзірледі. Атап айтқанда, осы шаралардың іске асуының нәтижесінде ағымдағы жылдың аяғына дейін жұмысыз 300 мыңнан астам адам «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» бағдарламалары бойынша кәсіптік білім беру арқылы жұмысқа орналастыру шараларымен қамтылады.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлікті ұзақ мерзімді кредиттер және гранттар ұсыну арқылы дамыту шаралары, әлеуметтік көмек ұсынудың тиімділігін арттыру, аз қамтылған отбасыларға жалдамалы баспана құрылысының көлемін екі есе өсіру (жылына 20 мың пәтер), жұмыс істейтін жастарға жалдамалы үйдің құрылысын үш есеге арттыру (жылына 1 мың пәтерден 3 мың пәтерге дейін) шаралары қолға алынады. Сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың балаларына кешенді әлеуметтік қолдау шаралары ұйымдастырылады, оның ішінде биыл 5 мың білім гранттарын бөлу, қоғамдық көлікте тегін жол жүруін қамтамасыз ету бар.
«Осы маңызы үлкен шараларды іске асыру үшін «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға өзгерістерді енгізу қажет.», - сказал Мамин.
Премьер осыған байланысты, бюджетке енгізілетін өзгерістерді қарастыру үшін Парламент сессиясын жұмысының мерзімін ұзарту мәселесін қарастыру қажеттігін атап өтті.
«ҚР Парламентінің депутаттары VI шақырылымындағы төртінші сессия жұмысын 2019 жылғы 5 шілдеге дейін ұзарту туралы шешімді бірауыздан қабылдады», - делінген хабарда.
Еске салсақ, 26 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін төмендету бойынша шаралар туралы» жарлығына қол қойды, соған сәйкес ол көп балалы отбасыладрың, мүгедек және жетім балалардың кепілсіз тұтынушылық займдары бойынша борыштарын жабуды тапсырды.

adimage