Қазақстан парламентінің сенаты Республика Күнін мерекелеуді және Тұңғыш президент күнін алып тастауды қолдады

Астана. 22 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан парламентінің сенаты Республика Күнін мерекелеуді және Тұңғыш президент күнін алып тастауды қолдады, деп хабрлады агенттік тілшісі.
Мәдениет және мереке мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізіліп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қол қоюға жолданды. Атап айтсақ, 25 қазан Республика Күні болып қайтарылды, ал 1 желтоқсан Тұңғыш президент күні мерекелер қатарынан алынып тасталды.
Бұған дейін мәжіліс Тұңғыш президент күнінен мемлекеттік мереке мәртебесін алып тастауды, сондай-ақ Республика Күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды қолдаған еді.
Еске салсақ, 16 маусым күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан Республика күнін ұлттық мереке ретінде атауды, ал 16 желтоқсанды ұлттық қаһармандарымызды еске алу күні ретінде атап өтуді ұсынған еді.

adimage