Қазақстан премьері Астанада көз жұмған балалардың ата-анасына көңіл айтты

Күні: 13:05, 05-02-2019.

Астана. 5 ақпан. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Астанада көз жұмған балалардың ата-аналарына көңіл айтты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бүгінгі күнгі отырысты жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Астанада орын алған қайғылы жағдайдан бастағалы отырмын. Өрт кезінде бес бала көз жұмды. Бұл өте қайғылы жағдай, ата-аналары бес баласынан айырылды. Құдайым оларға осы қайғыны көтеруге сабыр берсін. Барлық жақындарына көңіл айтамыз. Бахыт Тұрлыханұлы (Астана әкімі Бахыт Сұлтанов – ҚазТАГ), әкімдік тарапынан қандай көмектер көрсетіліп жатыр?», - деді Б.Сағынтаев сейсенбідегі үкімет отырыс барысында.
Ол атап өткендей, алдағы тәулікте бірқатар өңірде күннің барынша салқындауы күтіледі және соған байланысты уәкілетті органдардан өрт сөндіру техникасына баса мән беруді тапсырды.
«Қауіпсіздік техникасына ерекше мән беріңіздер. ІІМ жергілікті атқарушы органдармен бірге жылыту маусымы аяқталанға дейін өрт қауіпсіздігі айлығын өткізуді жаңғырту керек. Қасымов мырза (ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов - ҚазТАГ), барлық жылыту мекемелерін жеке бақылауға алыңыз. Өңірлер әкімдерінің тұрғын үй-коммуналдық қызметтері тұтынушыларды жылумен және жарықпен қамтамасыз етуі тиіс. Барлығы дұрыс және апатсыз жұмыс жасауы керек. Әкімдіктер барлығын ерекше бақылауға алуы керек. Құрметті әкімдер, Қасымов, тексеруші жеке үйлерді тексеруге келгенде оның қоятын бірінші сұрағы: «Егер сіз маған ақшасын төлесеңіз, мен ештемені тексермеймін». Осыдан басталады. Осыған назар аударыңыздар. Егер қаталдау болсақ, біз мұндай жағдайға жол бермейміз», - деді Қазақстан премьері.
Өз кезегінде, Қ.Қасымов түсіндіргендей, 5 баланың өліміне алып келген Астанада орын алған өрттің бірінші алдын-ала себебі өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы және балаларды бақылаусыз қалдыру.
«Өрт сөндіру қызметі 7 минут ішінде, ал жедел-жәрдем көлігі уақытында жеткен, алайда көмек көрсету мүмкіндігі тумаған. Жылыту маусымы 15 қазанда басталған. Жалпы, аталмыш жағдайлардың төмендеуі, адам өлімінің азаюы байқалуда. Жыл сайын біз профилактикалық жұмыстар өткіземіз. Қазір 1,7 млн тұрғын үй араланды, 4 миллион адам қамтылды, бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», - деді Қ.Қасымов.
Еске салсақ, 4 ақпанға қараған түні Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында бөлек орналасқан уақытша жайдан өрт шыққан. Өртті сөндіру барысында бес баланың мәйіті табылған: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туылған. Құтқарушылар нақтылағандай, ата-аналар ол кезде жұмыста болған.


Жаңалықтармен бөлісу: