Астана. 6 қыркүйек. ҚазТАГ - Арыс қаласындағы жарылыстың салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградаларға ие болды, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысы 24 маусымда Арыс қаласында болған төтенше жағдай кезінде және қару-жарақ қоймасындағы жарылыстың салдарын жою барысында ерекше көзге түскен еліміздің азаматтарына мемлекеттік наградалар тапсырды. «Ақорда» резиденциясында өткен салтанатты жиында 40 адам марапатталды», - делінген Ақорданың жұма күні жариялаған хабарында.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде тұрғындарды құтқаруға және Арыс қаласын қайта қалпына келтіруге атсалысқан барлық азаматқа ризашылық білдірді.
Президент 24 маусым халқымыздың тағы бір сынақтан сүрінбей өткен күні ретінде тарихта қалатынын айтып, Арыс тұрғындарының тыныштығы бұзылғанымен, елдің рухы түспегенін айтты.
– Қайғылы жағдай ешкімді бей-жай қалдырмады. Арыс қаласын бүкіл ел болып қалпына келтірдік. Бұған Қазақстанның әр тұрғыны үлес қосты. Патриотизм мен шынайы көмектің осындай жарқын үлгісінің негізінде жастарымызды тәрбиелеуіміз керек, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта нысандардың 97 пайызының қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанын, ең алдымен, көп балалы отбасылардың баспаналары қалпына келтірілгенін хабарлады. 1 қыркүйек күні 16 мектеп 12 мың оқушыны қабылдады, оның 2,5 мыңы бірінші сыныпқа барған бүлдіршіндер.
Қазақстан Президенті сөзінің соңында Арыс оқиғасы халқымыздың қиын-қыстау кездегі бекем бірлігі мен ынтымағын көрсеткенін айтты.
- Шын мәнінде, бүгінгі жиынға қатысып отырған азаматтар – нағыз батырлар. Ал, осы залға келе алмағандардың бәрі ордендермен және медальдармен марапатталатын болады, - деп қорытындылады Мемлекет басшысы.
Қатысты сілтемелер
-
Билік елге шетелден білікті мамандарды тарту үшін қандай жұмыс атқаруда29 Наурыз 2024, 10:26
-
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен29 Наурыз 2024, 10:21
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде29 Наурыз 2024, 09:32
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17