Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды интернетпен қамту мәселесі бойынша түзетулерге қол қойды

Астана. 2 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды интернетпен қамту мәселесі бойынша түзетулерге қол қойды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендерде Интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Түзетулер мақсатты тағайындамасын өзгертпестен жалға берілген жер учаскесінде ұялы және жерсеріктік байланыс құралы үшін діңгекті антенна мен таяныштарды орнатуға рұқсат беруге арналған.

adimage