Қазақстан президенті бірнеше елдегі елшілерін тағайындады

Күні: 19:02, 26-09-2018.

Астана. 26 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Кубадағы, панамадағы, Коста-Рикадағы, Доминика РЕспублкиасындағы және Ямайкадағы елшілерін тағайындады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.  
«Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы қызметін қоса атқарушы қызметіне; Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Панама Республикасындағы, Коста-Рика Республикасындағы, Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды», - делінген сәрсенбіде Ақорда сайтындағы хабарда.  


Жаңалықтармен бөлісу: