Қазақстан президенті Италия премьерімен инвестиция саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

Күні: 19:00, 17-10-2014.

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  Миланда Италия Республикасының Премьер-Министрі Маттео Ренцимен кездесті, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметінен.
«Кездесу барысында екі елдің сауда-экономика, инвестиция және басқа да салалардағы өзара іс-қимылының негізгі жәйттары талқыланды. Сондай-ақ Маттео Ренцидің Қазақстанға сапары кезінде қол жеткен уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы қарастырылды», - делінген жұмадағы Ақорда сайтындағы хабарда.  
Бұдан бөлек, тараптар халықаралық күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелеріне қатысты пікір алмасты...
Еске салсақ, Н.Назарбаев жұмыс сапарымен Миланда жүр.  


Жаңалықтармен бөлісу: